Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, фронталды бөліктердің өтуіне орай, түнде солтүстікте, елдің орталығында, шығысында қар жауады, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында, орталығында күшейеді.
Келесі мақала
"Сұңқар" арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






