Елімізде

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының заңсыз иемденген мүлкі мемлекетке қайтарылды

Ол спорт мектебін төмен бағада сатып алған

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының заңсыз иемденген мүлкі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылған. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.