дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балаларға жыныстық сауаттылықты үйрететін контент болуы керек - Журналист

Балаларға жыныстық сауаттылықты үйрететін контент болуы керек - Журналист
Jambylinfo.kz
Маманның сөзінше қазір мұндай материалдар жоқтың қасы

Журналист, блогер Арай Әлімхан 8 жастан асқан балаларға жыныстық сауаттылықты үйрететін контент керек екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін, Елорда төрінде өтіп жатқан  «Astana Media Week» медиа апталығының екінші күнінде,  журналистердің қатысуымен әртүрлі тақырыптағы 5 сессия өтті. Соның бірі - “Балалар контентінің трендтік форматы: отандық өндіруші, этика нормалары және мазмұны” атты сессияға шетелден келген продюсерлер мен еліміздегі осы саланың жоғары деңгейдегі мамандары қатысып, бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын жеткізді.
Мәселен, журналист, блогер, “Ашық әңгіме” жобасының авторы Арай Әлімхан  балаларға жыныстық сауаттылықты үйрететін контент болуы керектігін айтты. 

 

- 8 жастан асқан балаларға жыныстық сауаттылықты қазақ тілінде үйрететін контент жоқ. Соның кесірінен ерте жыныстық қатынасқа түсетін, алданып қалатын, сәбилерді қоқысқа тастайтын жастар көбейіп бара жатыр. Сондықтан балаларға жыныстық сауаттылықты үйрететін контент болуы керек,- деді ол. 


Айта кетейік, бүгінгі күні елімізде 17 жасқа дейінгі 6,6 млн адам бар. Бұл жалпы халықтың 33 пайызын құрайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар