Банкоматқа шотына ақша салуға кірген адам 1миллион теңгесінен айырылып қалды
Өйткені, бөгде адам қалып кеткен ақшаны қалтаға басып, жаратып үлгерген
Банкоматқа шотына ақша салуға кірген адам 1миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елордалық ПД баспасөз қызметінің дерегінше, жергілікті тұрғын өз шотына 1 миллион теңге салмақ болып, банкоматқа келген. Құрылғының көмейіне көл-көсір қаржының кіргенін көргесін кері айналып, шығып кеткен. Бірақ, мұнымен іс бітпеген көрінеді. Өйткені, банкомат қаржыны қабылдамай, кері қайтарған. Осы сәтті пайдаланған бөгде азамат өзгенің ақшасын қалтасына салып, көп ұзатпай жаратып та үлгерген.
Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.