Елімізде

«Бас бостандығын шектеген былық». ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды

Бірнеше тұлға миллиондаған қаржыны қолды қылған

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады, деп хабарлайды  jambylinfo.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдегендей, аталған тұлғалар  ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.