Елімізде

Батыс Қазақстан облысындағы 87 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін суару жүйесі көктемгі су тасқынын өткізуге дайын

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы Жайық өзені бассейнінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстың бес ауданындағы 87 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің су қоймалары каскадында бос сыйымдылық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта олардың толу деңгейі жобалық жалпы көлемнің 52%-ын құрайды.

Сонымен қатар Шаған өзеніндегі су қоймасында да бос сыйымдылық бар. Нысан транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Үлкен және Кіші Өзен өзендеріндегі су қоймаларында бос сыйымдылық жобалық көлемнің 43%-ын құрайды.

Былтыр 2026 жылғы көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатында «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы 20 гидротехникалық нысанды жөндеп, ұзындығы 163,7 шақырым болатын каналды механикалық тәсілмен тазартты. Биыл 21 нысанды жөндеу және ұзындығы 297 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.