сенбі, 23 қараша, 2024 5:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бекшин: Тамызда коронавирустың төртінші кезеңі жүреді

Бекшин: Тамызда коронавирустың төртінші кезеңі жүреді
ашық дереккөзі
Бекшин: Тамызда коронавирустың төртінші кезеңі жүреді
Жандарбек Бекшин тамызда коронавирус өрши түседі деп мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас санитарлық дәрігер Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап жатқанын айтты. Мамандар төртінші толқын тамыз айында басталады деп күтіп отыр. Індет 10-12 тамызда өрши түседі. Қыркүйек айының басында науқас саны азаяды деп болжанды. Алматыда 2-16 тамыз аралығында қатаң карантин болады деп күтілуде. Бекшин карантиннің мән-жайын осы аптада айтып беруге уәде берді. Бекшин шілде айында 20 818 науқас тіркелгенін, бірақ "үнділік" толқын әлі шарықтау шегіне жетпегенін атап өтті. Санитарлық дәрігерлер коронавирус 3-4 тамызда өрши түседі, ал 10-12 тамызда күрт өршиді деп болжайды. "Нақты болжам – тамызда айында 25 мың науқас тіркеледі", – деді Бекшин брифинг барысында. Ол 2020 жылдың шілдесінде Алматыда коронавирустық инфекцияның 6 372 жағдайы ғана тіркелгенін атап өтті. Оның айтуынша, қалада вакцинаның екі компонентін азаматтардың тек 24,2%-ы ғана алған. Қайта ауырған азаматтарды ескергенде ұжымдық иммунитет 35%-ды құрайды. Бұл үнді штаммына төтеп беруге жеткіліксіз. "Коронавируспен ауырғандар арасында 30-40 жас аралығындағы жастар көбейіп барады. Жақын күндері дәрігерлер 29 жастағы жігіттен айрылып қалды", – деді Бекшин.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар