Бектенов: Ауа райына байланысты тәуекелдер егіннің сапасына әсер етпеуі тиіс
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 146

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов егін көлемінің азайып, сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін алдын ала нақты шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үкімет басшысы ауа райына байланысты туындауы мүмкін қиындықтар егінге кері әсер етпеуі керек екенін атап өтті. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» холдингіне фермерлерді кеңінен қамту үшін өтінімдерді қарау рәсімдерін оңтайландырып, ашық әрі жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
– Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Егіс алқаптарын бақылауға арналған дрондар сатып алуға қаржы бөлінді. Ауыл шаруашылығы, су ресурстары және цифрлық даму министрліктеріне цифрлық технологияларды белсенді енгізу керек. Бұл – егіннің жай-күйін бақылауға, қатерлерді ерте анықтауға және отандық ІТ шешімдер мен стартаптарды қолдауға мүмкіндік береді, – деді Бектенов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Премьер-министр облыс әкімдіктеріне жеңілдетілген дизель отынының тасымалданған және қалған көлемі туралы мәліметтерді Энергетика министрлігіне апта сайын тұрақты түрде беруді тапсырды.