Бектенов: "Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі төмен болуы тиіс"
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
ҚР Парламенті Сенатының отырысында Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Премьер-министр Олжас Бектеновке Үкіметтің бюджет шығыстарын оңтайландыру және басымдық беру шараларына қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министр бүгінгі таңда мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің 23,6%-ын құрайтынын атап өтті. Жалпыға бірдей танылған әлемдік әдіснамаға сәйкес, мемлекеттік қарыздың бұл деңгейі төмен деп саналады. Мысалы, көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш ЖІӨ-мен салыстырғанда 50%-дан, 80%-дан және тіпті жекелеген мемлекеттерде 100%-дан асады.