сейсенбі, 5 мамыр, 2026 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бектенов өңірлерге алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бектенов өңірлерге алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету өңірлер үшін басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету керек. Бұл – өңірлердің алдында тұрған негізгі міндет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жылу желілерін уақтылы жөндеу және сапалы сынақтан өткізу, сондай-ақ белгіленген мерзімдерді сақтау қажеттігіне баса назар аударылды.

«Энергия көздері мен желілік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыру қажет.

Жылу желілерін дер кезінде әрі сапалы сынақтан өткізу керек. Ойланып-толғанып жүруге уақыт жоқ.

Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуы тиіс. Жаз бойы жұмысты күшейтіңіздер», — деп атап өтті Премьер-министр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар