Бектенов әлеуметтік желілерде Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 ақпан, 2026
- 234
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.
Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
ІІМ жүргізушілерге қатысты маңызды үндеу жасады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалын екі есеге арттырмақ
- авторБақытжан Бекболат
- 24 ақпан, 2026






