Елімізде

Ақпаннан бастап бензин бағасы қымбаттайды – министр

The final spritzer

Сонымен қатар автогаз құны да өспек

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.

Сәтқалиевтің сөзінше, министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отыр. Тауарлық газдың бағасы биыл жазға қарай біртіндеп өседі дейді ол.