Бес жылдық бағдарлама таныстырылды
Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы таныстырылды. Ұйым басшылары жастар саясатын дамытуға бағытталған жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жаңа бағдарлама арқылы азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп отыр.
Осы орайда Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бағдарламаның ерекшелігі мен дайындалу барысы туралы айтып берді. Nur Otan партиясының көшбасшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 5 жылға жоспарланған «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бағдарлама еліміздің үздік сарапшылары мен саясаттанушылардың қатысуымен жастар мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдардың концепциялары, әлемдік үрдістер мен тәжірибелерді ескере отырып дайындалды. Бағдарламаны дайындау барысында бізге әлеуметтік желілер, онлайн және офлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3 765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар жақында jasotan.kz сайтында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 шарадан тұратын жол картасын жарияладық», дейді ұйым жетекшісі.
Jas Otan жастар қанаты Жастар жобалары және аналитика басқармасының басшысы Нұрзина Қыдыралина бағдарлама аясында қамтылатын 5 негізгі бағытқа тоқталды. «Бүгінде біз негізгі бес маңызды бағыт бойынша жұмыс атқарамыз. Олар еліміздің әр жас азаматының өмірінің барлық саласын қамтиды. Бұл – жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу», деп нақтылады ол.
Партияның жастар қанаты бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,7%-ға, NEET жастардың үлесін 6,8%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.
Жол картасында ауыл жастарына, дәлірек айтқанда олардың бос уақытын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Атап айтар болсақ, жоба бойынша ауылдық жерлерде жалпы алғанда 450 мың адамды қамтитын спорт нысандары салынады.
Студенттер мәселесі де шет қалмаған. Бағдарлама аясында республика студенттерінің
25%-ы жатақханамен қамтамасыз етілмек.
Аталған жаңалықтармен қатар жасотандықтар Саяси менеджмент мектебімен бірлесіп жаңа жобаны қолға алды. Қыркүйек айында «Sana» тұлғалық даму мектебі онлайн дәрістерін бастайды. Қатысушылар шешендік өнер, эмоционалды интеллект және көшбасшылық, интернет-маркетинг модульдері бойынша тегін білім ала алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024