«Бірге тұратын әйелін соққыға жықты" . Қоғам белсендісі Арман Шораев өзі жайлы таралған ақпаратты жоққа шығарды
- авторjambylinfo.kz
- 17 маусым, 2024
- 559
Қоғам белсендісі Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты" деп таратқан Михаил Козачковтың ақпаратын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Михаил Козачков телеграм арнасында Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген ақпарат таратып, тіпті бейнежазбасын да жүктеген. Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған.
Бейнежазбаға зер салсақ, ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Журналистің айтуына қарағанда, оқиға орнына келген полицейлер әйелді соққыға жыққан ер адам - Арман Шораев екенін айтқан. Ал, соққы жеген әйел арызданудан бас тартқан.
Аталған мәліметке Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жауап беріп, Козачков таратқан ақпараттың жалған екенін айтты.
Сіздердің қызметшілеріңіз жасанды интеллекттің құрбаны болды. Козачков өтірігің үшін жауап бересің!, - деді Арман Шораев.
Даулы мәселе жайында Астана қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
- Дене жарақаттарының фактісі бойынша азамат А.Ш. бірге тұратын әйеліне сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар белгіленуде. Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, онда ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың құрамы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстен ҚР Қылмыстық кодексіне ауыстырылды,- деді Астана ПД.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024