Елімізде

«Бірге тұратын әйелін соққыға жықты" . Қоғам белсендісі Арман Шораев өзі жайлы таралған ақпаратты жоққа шығарды

Оқиға Астанада болған

Қоғам белсендісі Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты" деп таратқан Михаил Козачковтың ақпаратын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Михаил Козачков телеграм арнасында Арман Шораев бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген ақпарат таратып, тіпті бейнежазбасын да жүктеген.  Оның сөзінше, оқиға Астана қаласында болған.

Бейнежазбаға зер салсақ,  ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Журналистің айтуына қарағанда,  оқиға орнына келген полицейлер әйелді соққыға жыққан ер адам - Арман Шораев екенін айтқан. Ал, соққы жеген әйел арызданудан бас тартқан.

Аталған мәліметке  Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жауап беріп, Козачков таратқан ақпараттың жалған екенін айтты.

 

Даулы мәселе жайында Астана қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.