Бишімбаев ісі: Байжановтың жазасы ауырлай ма?
Тараптардың жарыссөзі 2 мамырда басталады
Бүгін түстен кейін Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталуы тиіс еді. Алайда, прокуратура Байжановқа тағылған бір айыпты өзгертуді сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Прокурор Саяхат Нұрбековтің сөзінше, айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес тағылған айыптаудан бас тартты. Бұл бапта аса ауыр қатыгездікпен жасалған қылмысты хабарламау әрекеті қарастырылған.
Судья Айжан Құлбаева өтінішхатты қабылдады. Еске салайық, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).