дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев ісі: судья Айжан Құлбаеваға қысым көрсетушілер көбейген

Бишімбаев ісі: судья Айжан Құлбаеваға қысым көрсетушілер көбейген
Коллаж: jambylinfo.kz
Экс-министр Бишімбаевтың  сотында төрағалық етіп жатқан судья Айжан Құлбаеваны белгісіз адамдар бопсалаған

Жоғарғы соттың хабарлауынша, бұл факт бойынша Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, судьяның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

"Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 407 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттың қызметіне араласу). Судья Құлбаеваның жеке қауіпсіздігін қорғау шаралары қабылданды.

«Сонымен қатар интернет-кеңістікте жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар көптеген келеңсіз жарияланымдар анықталды. Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы ҚР Қылмыстық кодексінің 411-бабының 1-бөлігі (судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады»,- деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар