Елімізде

Бишімбаев соты: Сотта Нүкенованың телефоны тексеріліп, онда марқұмға күйеуі тарапынан қысым жасалғаны айғақталды

Астанада Бишімбаевтың соты тікелей эфирде өтіп жатыр. Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың телефоны тексеріліп, онда азамттық некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы шиеленіске толы болғаны анықталды, деп  хабарлайды jambylinfo.kz.

Прокурор Айжан Аймаганова Салтанат Нүкенованың телефонындағы whatsapp-хабарламалар, аудио жазбалар, ескертпелер және қоңырауларға жеке-жеке тоқталды. Ең бірінші марқұмның whatsapp желісі бойынша Қуандық Бишімбаевпен жазысқан хаты оқылды. Онда 3 мен 9 қарашада аралығында сөйлескен сөзіндерінде Нүкенованың әрбір қадамын Бишімбаев қатаң бақылауда ұстап, әйелінен есеп сұрап отырғанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйек айында Нүкенова Бишімбаевтан бөлек кетіп, жеке пәтер жалдап тұрғаны да белгілі болды. 


Сондай-ақ, Нүкенованың ешкімге жібермеген ескертпелері (заметка) оқылды. Онда марқұм Салтанат Бишімбаевпен ажырасқысы келетінін, оның көзіне шөп салғанынан шаршағанын  жазып, одан өзін босатуды өтінген. Ал Нүкенованың бұл жазбасы туралы Бишімбаев бірінші рет прокурордың ауызынан естіп тұрғанын және ол әйелі үйінен кетіп қалғанда басқа әйелдермен ойнас болғанын жасырмады.