Бишімбаевтың сотына қатысатын қарапайым 10 алқа би қалай іріктеледі
Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысатын он негізгі алқа би мен екі қосалқы алқа би автоматты тізімнен алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына түсіндірме жариялаған Перизат Сәдуақастың айтуынша, ертең, 27 наурызда сот алқабилерді таңдауға кіріседі.
Айыптаушы және қорғаушы тараптың қатысуымен өтетін отырыста кандидаттардың сотталған, сотталмағаны, процесске қатысушылармен туыстығының бар-жоқтығы, психикалық, мінез-құлқына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрғандар-тұрмағандығы тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, әйелдін өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Қунадық Бишімбаев алдын ала тыңдау кезінде сотына алқабилер қатыссын деген тілегін айтқан. Ертең, 2024 жылдың 27 наурызында алқабилер таңдалатын отырыс жабық түрде өтеді.