Елімізде

Биыл Қазақстанда неше жігіт әскерге шақырылатыны белгілі болды

2024 жылдың 30 маусымына дейін Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам жігіт әскерге шақырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда әр аймақтағы әкімдердің орынбасарлары төрағалық ететін қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастайды.