Биыл Қазақстанда рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға берілмек

Бұл үшін бірқатар бастама жүзеге асырылмақ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл рекордтық көлемде, кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін хабарлады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық несие көлемін ұлғайтудан бастап, жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізілетінін түсіндірді.