жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елде қыс жылы болады — синоптиктер

Биыл елде қыс жылы болады — синоптиктер
Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктердің болжамынша, алдағы қыс мезгілі қоңыржай жылы болады деп күтіледі, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болжанады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірақ кейбір кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ құбылыстарымен, тұмандар, мол жауын-шашынның түсуі жоққа шығарылмайды. 

Сондай-ақ, қыс мезгілінде қар жамылғысында мұз қабыршығы пайда болуына ықпал ететін "температуралық құбылулар" болжанады.

Желтоқсан айында ауа температурасы елдің басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстік-батыс жартысында нормадан 1° жоғары; (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында), Шығыс Қазақстан облысының қиыр солтүстік-шығысында нормадан 1° төмен күтіледі (Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында).

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, орталықта, елдің шығысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, солтүстік аймақтың оңтүстік жартысында және оңтүстік облыстардың қиыр солтүстігінде нормадан аз болады деп болжанады.

Қаңтар айында ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады (Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында).

Жауын шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп күтіледі (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында).

Ақпан айында республика бойынша орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2°-қа жоғары болады деп күтілуде. Республиканың бүкіл аумағында жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады деп болжанады.

Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура бүкіл ел бойынша нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Наурыз айында жауын – шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының, Жетісу облысының және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында), Маңғыстау облысының басым бөлігінде нормадан аз болжанады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар