Елімізде

Биыл елімізде 2,9 млн тонна картоп жиналды

2025 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 миллион тоннаға жетті, ал мақта өнімі шамамен 430 мың тоннаны құрады. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Мұндай ақпаратты Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихаттары аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министр майлы дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсімнің негізгі өзегі деп атады. Бұршақ дақылдарынан 1,1 млн тоннадан астам рекордтық өнімі алынды, оның ішінде: жасымық – 842 мың, бұршақ – 222 мың, ноқат – 22 мың тонна. Майлы дақылдардың өнімі 4,8 млн тоннаны құрады (күнбағыс – 2,3 млн тонна, зығыр – 1,4 млн тонна, рапс – 522 мың тонна).