Елімізде
Биыл Мемлекет басшысы еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:39
- 103
2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті, деп жазды бүгін ҚР Президентінің көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында.
"2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады", – деп жазды ол.






