"Бізді қойшы, баламызда несі бар!?". Ерке Есмахан сәбиін шетінеп кетті деген адамға ашуланды
Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында кішкентай нәрестесі жайлы жалған ақпарат таратқан адам туралы айтты
Белгісіз біреулер әнші Райм мен Ерке Есмаханның нәрестесі шетінеп кетті деген жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша. әлдекімдер Tik-Tok әлеуметтік желісінде парақша ашып, екі әншінің кішкентай бүлдіршіні шетінеді деген ақпарат таратқан. Халыққа жаппай таралған видеоны көрген жақындары мен оқырмандары алаңдап, оларға хабарласқан. Ерке Есмаханның сөзіне сенсек, кейін парақша да, жазба да жойылған.