Елімізде

«Болашақ» түлегіне кепіл болған журналистердің мәселесі шешілді

Бұл туралы журналист Мақпал Дәрібаева хабарлады

2016 жылы экс-әріптесі Валерия Гавриленкоға «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуіне кепіл болған диктор Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьеваның мәселесіне нүкте қойылды. Қуанышты хабар жайлы Мақпал Дәрібаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Журналист өз бейнеүндеуінде мәселенің оң шешімін табуына ат салысқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке алғысын жеткізген.

Еске салайық, «Болашақ» түлегі Гавриленко 2021 жылы кепілге қойған  Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьеваның екі пәтерін кепілден шығарып сатып жіберген болатын.