Елімізде
Бозжыра маңында заң бұзған өзбекстандық блогерге айыппұл салынды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:28
- 37
Өзбекстандық блогер Қазақстандағы саяхатының видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев Қазақстанның Маңғыстау өңіріндегі Тұзбайыр тұзды алқабы аумағында жол талғамайтын көлікпен жүргені үшін оған Қазақстанда айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бейнежазбалардан көліктің Бозжыра шатқалы маңындағы табиғи аумаққа кіріп, су кешіп, айнала жүргені анық байқалады. Бұл құқықбұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, блогерге «Абаттандыру қағидаларын бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.





