Елімізде

ҰБТ жүйесіне "қол сұққан" үш жас жігіт сотталды

Олар Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін "бұзып", тестілеу нәтижесін көшірген

Қарағанды мен Өскеменде Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұққан үш жігіт бір жылға сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Осы қылмысты жасады деп айыпталған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енген. Енді олардың әрқайсысы бір жыл өмірлерін темір тордың артында өткізеді. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, олар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалау кезінде жүйеге қол сұққандары дәлелденген.