дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Былтыр Қазақстанда 388 мың сәби дүниеге келген

Былтыр Қазақстанда 388 мың сәби дүниеге келген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Былтыр Қазақстанда 388 мың сәби дүниеге келді. Олардың 51,6 пайызы ұлдар, 48,4 пайызы қыздар. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте айтылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бюро мәліметіне сәйкес, былтыр туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 болған. Салыстыру үшін айта кетсек, 2022 жылы бұл көрсеткіш 20,57 болған еді. 

«Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға — 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға — 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға — 25,70 адам) байқалды. Орта есеппен репродуктивті кезеңде бір әйелден туған балалар саны, яғни, туудың жиынтық коэффициенті — 2,96», —  делінген Бюро мәліметінде. 

Өңірлік бөліністе туудың ең жоғары коэффициентінің ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей — Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді. Сондай-ақ қалалық жерде — 2,63 (2022 жылы — 2,76), ауылдық жерде — 3,59 (2022 жылы — 3,59) болды. 

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларында демографиялық мәселелерді назардан тыс қалдырған емес. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да Президент демографиялық ахуалды арттыру туралы айтқан еді. 

«Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деген еді Президент Жолдауда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар