сейсенбі, 14 сәуір, 2026 20:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Былтыр фитосанитарлық инспекторлар 3,6 мың бұзушылықты анықтады

Былтыр фитосанитарлық инспекторлар 3,6 мың бұзушылықты анықтады
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл көрсеткіш 2025 жылғы өсімдіктер карантині саласына тиесілі

Еліміздің аумағында өсімдіктер карантині нысандарын анықтау бойынша жұмыс ұлттық заңнамаға және Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Қолданыстағы фитосанитарлық бақылау жүйесі көп деңгейлі қағидат бойынша құрылған. Бастапқы тексеруді шекарада мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады, ал қайталама тексеру тауардың жеткізілу орны бойынша жүргізіледі. Мұндай тәсіл тәуекелдерді барынша азайтуға және қауіпті карантиндік организмдердің әкелінуіне байланысты ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Былтыр ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциялары тарапынан бақылау-қадағалау қызметтерін орындау барысында өсімдіктер карантині саласында 3,6 мың бұзушылық анықталды, оның ішінде 2,6 мыңы басқа мемлекеттерден әкелінетін карантиндік өнімдерге қатысты, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар