сейсенбі, 21 сәуір, 2026 13:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Циклон әсері: ел аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

Циклон әсері: ел аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.

Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдағы күндері елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі.

23 сәуір күні республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көру қашықтығының төмендеуі ықтимал.

Ауа температурасы да біршама төмендейді. Батыс Қазақстанда күндізгі температура 7–17 градус жылы болса, солтүстік өңірлерде 13–20 градус аралығында болады. Орталық аймақтарда 15–23 градус жылы күтілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы 15–20 градус шамасында сақталады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар