сенбі, 23 қараша, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәстүрлі оқу форматындағы өзгерістер? - Білім министрі

Дәстүрлі оқу форматындағы өзгерістер? - Білім министрі
ашық дереккөзі
Дәстүрлі оқу форматындағы өзгерістер? - Білім министрі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта өтетінін, алайда оның бұрынғы оқу жүйесінен айырмашылығы болатынын айтты. «Білім саласында карантин өткен жылдың 16 наурызында басталды. Барлық оқу орны онлайн форматқа сол кезде көшкен еді. Ал сол 16 наурызға дейін болған форматты қайта жалғастыру мүмкін емес. Өйткені бізде біраз өзгеріс пайда болды», деді министр. Асхат Аймағамбетовтың түсіндіруінше, енді кейбір сабақтарды онлайнға өткізу, әртүрлі электронды құрылғыларды пайдалануға болады. Өткен жылы мұғалім, студент, оқушылардың цирлық құзыреттілігі әлдеқайда дамыды. «Сондықтан біз сол 2020 жылы болған дәстүрлі форматқа көшпейміз, сол жылы жиған-терген тәжірибемізді жаңа технологияларды қолдана отырып, офлайн форматта қолданамыз. Ол нені білдіреді? Мысалы ЖОО-да кейбір пәндерді әлі осылай онлайн форматта өткізуге болады деген тұжырымдамаға келдік. Мекепте ІТ пәнінің теориялық бөлімін онлайн форматта өткізуге болады. Екіншіден, қашықтан оқығанда  білім сапасында әртүрлі ақау болды, оны жасыра алмаймыз. Онлайн формат пен дәстүрлі форматты салыстыруға болмайды. Біз жаңа оқу жылын бастағанда оқушылардың онлайн оқудан келгенін ескеруіміз керек. Сондықтан жаңа оқу жылын білім беру бағдарламаларын бейімдеу арқылы бастайтын боламыз», деді министр. Министрдің айтуынша, жыл басында мұғалімдер оқушыларға сараптама жасайды. Алдыңғы оқу жылында бала қай тақырыптарды игермеді, соны анықтайды. Сол тақырыптарды қамтып, пысықтайды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар