DariKz дәрі іздеу мобильді қосымшасы қолжетімді
Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының хабарлауынша, Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмек жинақталған DariKz мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы iOS платформасында штаттық режімде жұмыс істейді.
Қосымша пайдалануға ыңғайлы, әлдеқайда жылдам жұмыс істейді және AppStore-нің барлық талаптарына сәйкес келеді.
DariKz мобильді қосымшасын пайдалана отырып, елімізде тіркелген дәрілер туралы ақпарат алуға болады. Қосымшада дәрілік препараттың дозасы, концентрациясы, сақтау мерзімі және ерекше белгілері, дәрі түпнұсқа немесе дженерик па, дәрігердің рецепті бойынша беріле ме, әлде рецепсіз бе, міне осылар туралы ақпарат бар.
Сондай-ақ «Шекті баға» бөлімінде дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға болады. Егер дәрі-дәрмектің бағасы Қазақстанда бекітілген шекті бағадан асып кетсе, қосымшада шағым қалдыра аласыз. Бүгінгі күні қосымшадағы дәрілік заттардың деректер базасына 18 мыңға жуық препарат енгізілді, оның ішінде 6 500 дәріге шекті баға белгіленді.
Қосымшадан іздеген дәріңізді препараттың саудалық немесе халықаралық патенттелмеген атауы, тіркеу нөмірі арқылы табуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін дәрі-дәрмек туралы барлық ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
Айта кету керек, Android платформасында DariKz қосымшасын 123 мың қолданушы жүктеп алып, қолдануда.
DariKz қосымшасының 1.5.3 нөмірлі жаңа нұсқасы iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға жүктеу үшін қолжетімді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз