Деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды
Оның ішінде 5 адам қазақстандық болса, 1 тұлға шетелдік
Террористік әрекеттерге күдікті деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.
Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.