Өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті - Үкімет
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және нарықты отандық тауарлармен қанықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қайта өңдеу секторының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Саланы дамыту нәтижелері туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 5,9%-ды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өндіріс көлемі 8,1%-ға өскен химия өнеркәсібінде айтарлықтай динамика байқалады. Бұған минералды тыңайтқыштар, полипропилен және бояу материалдарын өндіруді арттыру арқылы қол жеткізілді. Жеңіл өнеркәсіпте 7,4% өсім тіркелді. Бұл ретте тоқыма бұйымдарының өндірісі бірден 12,9%-ға ұлғайды. Сондай-ақ бетон, цемент және құрылыс қоспалары өндірісінің өсуіне байланысты құрылыс материалдары өнеркәсібі (+7,1%) оң нәтиже көрсетіп отыр.