Осындай танымал локациялар енді ірі халықаралық киножобаның назарында, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық туризм басқармасының хабарлауынша, «Құдайдың сауыттары 4: Ultimatum» фильмінің түсірілім тобы Ақтауға келіп, өңірдегі табиғи нысандар мен қалалық локацияларды аралап, алдын ала зерттеу жұмыстарын бастап кеткен.
Өңірге келген кино мамандары Маңғыстау облысының әкімімен де кездесті. Кездесу барысында түсірілімге қажетті инфрақұрылым, ұйымдастыру процестері және аймақ тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.
Еске сала кетейік, 1986 жылы жарық көрген «Құдайдың сауыттары» франшизасы — Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал туындылардың бірі. Жобаның араға бірнеше онжылдық салып жалғасуы әлем жанкүйерлерінің қызығушылығын оятып отыр. Ал түсірілім орны ретінде Маңғыстаудың қарастырылуы — Қазақстан кино саласы үшін үлкен серпіліс.
Егер жоба ресми түрде мақұлданса, Маңғыстау алғаш рет Джеки Чан қатысатын ауқымды халықаралық экшн-фильмнің түсірілім алаңы ретінде тарихқа енуі мүмкін.






