Еңбек демалысына шектеу қойған: БҚО-да 600-ден астам білім қызметкерінің құқығы бұзылғаны белгілі болды
Сырым ауданы прокуратурасы білім саласының 624 қызметкерін еңбек құқығын қорғау үшін шаралар қабылдады
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұжымдық келісім-шарттарды талдау барысында әлеуметтік демалыс және басқа да әлеуметтік кепілдіктер беру шарттары тиісті түрде ескерілмегені анықталды. Бұл еңбек заңнамасын бұзу болып есептеледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған заң бұзушылық жұмысшылардың демалу құқығына шектеу қойып, еңбек жағдайының нашарлау қаупін тудырды.