жұма, 22 қараша, 2024 20:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Екі есе бағасына сатып алған». Ұлытауда білім беру ұйымдарының заңсыз әрекеті әшкере болды

«Екі есе бағасына сатып алған». Ұлытауда білім беру ұйымдарының заңсыз әрекеті әшкере болды
Фото - ашық дереккөзден
Олар азық-түлікті кәсіпкерлерден қымбат бағаға сатып алған

Ұлытау облысындағы 12 мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуда заңсыздық анықталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсу фактілерін Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған алдын алу шаралары кезінде әшкере болды.
 
Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.
 
Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%).
 
 

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды, оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп сияқты 12 атауға бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.
 Бұл ретте үнемдеу 17 млн теңгеден асты,- делінген ресми хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар