Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы
Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуөткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы; «Қазгеология» АҚ мен «Росгеология» АҚ арасындағы Қазақстан мен Ресей және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім; «Қазақстанда бутадиен және туынды өнімдер өндірісі» жобасын іске асырудың жол картасы; «Бутадиен» жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт; «KIDF Management company» Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және «Mubadala Investment Company» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум. Қазақстан Премьер-Министрі А.Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.