Елімізде
Елена Рыбакина Эр-Риядтағы WTA Финалын айқын жеңіспен бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қараша, 2025
- 227
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан беделді WTA Finals 2025 турнирінде керемет бастау жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғашқы кездесуде Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованы сенімді түрде — 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Матч бар болғаны бір сағатқа жетпей аяқталып, қазақстандық спортшы өз үстемдігін айқын көрсетті.
Бұл жеңіс Рыбакинаны өз тобының көшбасшылары қатарына шығарды. Келесі қарсыласы — Польша теннисшісі, әлемнің екінші нөмірі Ига Швентек болмақ.






