Еліміз бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы қандай
Болжамға сәйкес, жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Болжамға сәйкес, жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, қар жауады, күндізгі уақытта күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) келеді деп болжанады"."Қазгидромет" РМК
Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылысқа тұман түсуі, желдің екпін алуы жатқызылады.