Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.
Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Мәдени мұраға қатысты жаңа заңнамалық түзетулер: Ерлан Қарин жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






