Елімізде

Елімізде 2030 жылға дейін 660 мегаваттық жаңа cу электр станциялары іске қосылады

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан гидроэнергетика саласын кезең-кезеңімен кеңейтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылы жүзеге асқан жобалар қатары Жетісу облысындағы жаңа стансамен толықты. Қуаты 26 МВт «Корин CЭС-2» нысаны пайдалануға берілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 8,621 млрд кВт.сағ болды. Оның ішінде қолданыстағы шағын және орта су электр стансалары 1,196 млрд кВт.сағ экологиялық таза энергия өндірді.

Жасалған келісімшарттарға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін жалпы қуаты шамамен 660 МВт болатын жаңа су электр стансаларын іске қосу жоспарланып отыр.

Саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және инвестиция тарту мақсатында Энергетика министрлігі аукциондық сауда-саттық механизмдерін белсенді қолдануда. Атап айтқанда, 2025 жылы гидроэнергетика жобалары үшін 500 МВт қуат аукционға шығарылды.

Қолданыстағы ЖЭК нысандарының, соның ішінде су электр стансаларының ең жоғары шоғырлануы елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде байқалады. Көшбасшы аймақтар қатарында Жамбыл, Алматы және Жетісу облысы бар.

Сонымен қатар, өзендердің табиғи су әлеуетін тиімді пайдалану арқылы шалғай өңірлерді тұрақты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Елімізде 2030 жылға дейін 660 мегаваттық жаңа cу электр станциялары іске қосылады