жұма, 23 қаңтар, 2026 18:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 385-тен астам жойылып бара жатқан мамандық түрлері анықталды

Елімізде 385-тен астам жойылып бара жатқан мамандық түрлері анықталды
istockphoto.com
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді

Кадр даярлауды экономиканың және өңірлік дамудың сұраныстарымен жүйелі түрде болжау және үйлестіру құралы ретінде Жаңа мамандықтар атластары әзірленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Атластар «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында әзірленді. Нәтижесінде 20 өңірлік кадр қажеттілігі картасы әзірленді, 17 форсайт-мектебі құрылды, форсайт-болжау әдістемесі бойынша 350-ден астам адам оқытылды, экономиканың 27 саласы қамтылды, 1 800 салалық сарапшы тартылды. 235 мың оқушы кәсіби диагностикадан өтті. Осылайша, біз болашақ талапкерлермен жұмысты жоғары оқу орнына түскенге дейін бастап, мамандықты саналы түрде таңдауға негіз қалыптастырып жатырмыз», - деді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жобалау және зерттеу жұмыстары барысында 1000 астам жаңа және 540 астам трансформацияланып жатқан мамандық, 385-тен астам жойылып бара жатқан мамандық анықталды. Сондай-ақ 310 тереңдетілген сұхбат жүргізілді. Әлеуметтік зерттеулерге 8 000 астам респондент қатысты. 

«Аталған деректерді мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде пайдалану кадр даярлау мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы теңгерімсіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар