сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 23:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық жолдар жабылды

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық жолдар жабылды
Фото: Kazinform
Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді

Еліміздің екі облысындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қ. - Қызылорда облысының шекарасы).

Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 наурыз сағат 09:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктері мен қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады:

- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);

Жолды 2 наурыз сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 206 арнайы техника мен 376 маман жұмылдырылды.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар