Елімізде

Елімізде балабақша қызметтерінің бағасы 3,8 пайызға қымбаттады

The final spritzer

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысында тіркелген

Елімізде балабақша қызметтерінің бағасы 3,8 пайызға қымбаттады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысында тіркелді – бір жылда 16,2%-ға қымбаттаған. Одан кейінгі орындарда Павлодар облысы (11,7%), Алматы облысы (8,8%), Абай облысы (8,5%) және Қарағанды облысы (7,6%) тұр.

Ең төменгі баға өсімі Жамбыл облысында байқалды – небәрі 1,6%. Ал Астана, Шымкент қалаларында және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында баға өткен жылғы деңгейде сақталған. Солтүстік Қазақстан облысында, керісінше, балабақша қызметтері 2,5%-ға арзандаған.

Қазақстандағы балабақша бағасы әлемдік рейтингте қай деңгейде?

Numbeo мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жекеменшік балабақша қызметінің орташа айлық құны (толық күндік тәрбие) 240,6 АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемдегі 127 елдің ішінде 74-орында.

ТМД елдері арасында Қазақстан жекеменшік балабақша қызметтері ең арзан үш елдің қатарына енді. Қазақстаннан төмен баға тек Тәжікстан мен Қырғызстанда тіркелген. Ал Әзербайжанда бұл қызметтің орташа құны 242,2 доллар, Ресейде – 262,9 доллар, Өзбекстанда – 295,3 доллар, Украинада – 296,9 доллар, Беларусьте – 299,3 доллар, Арменияда – 306,9 доллар, ал Молдовада – 372,3 доллар болған.

Әлем бойынша жекеменшік балабақшалардың ең қымбат қызметтері Швейцария, Нидерланд және Ұлыбританияда тіркелсе, ең төменгі бағалар Бангладеш, Шри-Ланка және Пәкістанда байқалған.