Елімізде

Елімізде экологиялық автомобиль және авиациялық отын өндіретін зауыт салынады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек Үкімет отырысында компанияның агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бойынша табысты тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін «Биохим» зауытын сатып алған. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорынның іске қосылған.

Ол сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен және америкалық серіктестермен ынтымақтастықта ТМД-да экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын (SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталғанын айтты. Зауыттың қуаттылығы – 50 мың тонна, ал инвестициялар шамамен $200 млн.