жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде ипотека шарттарын жаңаша есептеу тетігі ұсынылды

Елімізде ипотека шарттарын жаңаша есептеу тетігі ұсынылды
istockphoto.com
Жаңа жүйе бойынша бастапқы жарнасы жоғары азаматтар үшін төмен пайыз қарастырылмақ.

Елімізде ипотеканың процентін дифференциалды жүйемен белгілеу ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты. Оның сөзінше, қазіргі жоғары процент азаматтардың қарыздық жүктемесін арттырып отыр.

Жаңа тәсіл бойынша, жоғары бастапқы жарна төлейтін азаматтарға төмен пайыздық мөлшерлеме ұсынылуы мүмкін. Ал бастапқы жарнасы аз болса — керісінше, ставка жоғары болмақ.

Сондай-ақ агенттік «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотека бағдарламаларын кеңейтуді және жинақ жүйесін екінші деңгейлі банктерге таратуды жоспарлап отыр.

Мақсат — азаматтарға тұрақты және қауіпсіз ипотекалық шарттар жасау, қарыз жүктемесін азайту және жауапты қарыз алу мәдениетін қалыптастыру.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар