Елімізде

Елімізде әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.

Жаңа тізімге мыналар кіреді:

• Туберкулез;

• ВИЧ-инфекция;

• созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;

• қатерлі ісіктер;

• психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;

• алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;

• жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;

• орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;

• сирек кездесетін аурулар;

• эпилепсия;

• инсульт (1 жылға дейін).