сейсенбі, 10 ақпан, 2026 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде малдарды мәжбүрлі жою шаралары жүргізілмейді

Елімізде малдарды мәжбүрлі жою шаралары жүргізілмейді
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда қандай да бір шектеу шараларын енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе жою туралы ресми шешімдер қабылданбаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілерде таралған ірі қара малды тәркілеу және жою туралы бейнематериалдардың Қазақстан аумағына қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің хабарлауынша, елде ауыл шаруашылығы жануарларын мәжбүрлеп тәркілеу немесе жою шаралары тек қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай шешімдер тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының негіздемесімен қабылданып, жергілікті атқарушы органдардың шектеу шараларын енгізуімен ғана орындалады. Сонымен қатар, аталған іс-шараларды тек республикалық эпизоотияға қарсы отряд жүргізе алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қандай да бір шектеу шараларын енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе жою туралы ресми шешімдер қабылданбаған. Осыған байланысты министрлік азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар